foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің келуі

Биыл Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының аясында өтетін "Ұлы дала жорығы" ат марафоны 3 қыркүйек күні таңғы 7.00 де Ботай қонысынан бастау алады. (Айыртау ауданы Никольское ауылы)

Ауқымды спорттық шараға 10-нан астам елден командалар қатысады. Иран, Түркия, Венгрия, Қырғызстан, Оңтүстік Африка Республикасы Ресей Федерациясының және т.б. елдердің шабандоздары дүбірлі додада бақ сынайды.
Осы ауқымды да маңызды іс шара аясында бүгін 3 тамыз күні Ботай қонысына (Айыртау ауданы Никольское ауылы) Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрмұхамбетов Ғауез Торсанұлы келіп, V көшпенділер ойындарының бағдарламасымен, өткізу тәртібі және салт аттылардың жүру маршрутымен танысты.
Сонымен қатар облыс әкімі археологиялық ескерткішті аралап, ботай мәдениетінің бірегей жәдігерлері жайлы мәліметтермен, сонымен қатар ежелгі технологияларымен қыш ыдыс жасау, тері өңдеу ,тастан дисктер жасау процесімен танысып, Ботай қонысын насихаттау мақсатында болашаққа біршама жоспарлар құрылды.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"