foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Ботай пырағы – 2024

"Ботай пырағы – 2024 " республикалық фестивалі

Айыртау ауданы,Никольское ауылы, Ботай қонысы

«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 21-мамыр мәдениет және өнер қызметкерлер күніне арналған «Ботай пырағы – 2024» фестивалін ұйымдастыруда.

Бағдарламада:

Жылжымалы көрме («Ботай» музей-қорығының қорынан)

Театрландырылған көріністер

Мастер класс. Қыш ыдыс әзірлеу

Театрландырылған көрініс. Тері өндеу

Театрландырылған көрініс. Тасты дискілер дайындау

Театрландырылған көрініс. Қымыз дайындау процессі

көрініс. Шөптер мен өсімдік тамырларын ұнтақтау

Театрландырылған көрініс. Садақ ату

Археологиялық қазба жұмыстарының процессі

Мастер класс. Артефактілерді өңдеу

Суретшілердің Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігінің қорынан Ботай мәдениетіне арналған картиналар көрмесі.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан этнографиялық көрмесі.

Атпен серуендеу.

Теңге алу

Аударыспақ ойыны

Қыз қуу

Алтыбақан.

Сауда орындары (сусындар, кондитер өнімдері және т.б. сату)

Кәдесый өнімдерін сату

Найза лақтыру және садақ ату жарыстары

Боластарды лақтыру сайыстары ұйымдастырылады.

Театрландырылған көрініс сәттерін есте қалдыру үшін фотосуретке түсе аласыз.

Сондай-ақ, кәдесый өнімдерінің сатылымы мен сауда алаңдары келушілердің назарына ұсынылады. Іс-шара концерттік бағдарлама мен отты шоумен аяқталады.

Отбасыңызбен және достарыңызбен қызықты уақыт өткізіңіз.

Біз сіздерді күтеміз!

Қосымша ақпарат: +7–7757328454 Айгерім

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"