foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Жамбыл облысында "Атқа міну мәдениеті - дала өркениетінің мұрасы" көшпелі көрмесінің ашылуы

2021 жылғы 26 қазан күні "Ақыртас" сәулет-археологиялық кешенінде "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігінің ұйымдастыруымен «Атқа міну мәдениеті – дала өркениетінің мұрасы» көшпелі көрмесінің ашылуы өтті. Көрме "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" іргелі мақаласы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жүзеге асырылды.

Көрме келушілерді киелі нысан - Ботай қонысымен танысуға мүмкіндік береді, оның бірегейлігі мен мәні-мағынасы әлемде бірінші болып жылқы қолға үйретілгендігіне, көшпенділердің алғашқы тұрғын үйлерінің салынғандығына негізделеді, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген қазба жұмыстарында табылған баға жетпес артефактілер ұсынылды.

Көрменің ашылу салтанатында Жамбыл облысының туризм басқармасының өкілдері, ғалымдар, тарихшылар, музей директорлары мен ғылыми қызметкерлері, ЖОО-ның студенттері, қоғам мен БАҚ өкілдері қатысты.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"