foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Музейлердің ғылыми-қор жұмысының өзекті мәселелері» республикалық онлайн оқыту семинары. Тікелей эфир

Бүгін, ҚР МСМ МК «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК 2022 жылғы 25 ақпан күні онлайн форматында ZOOM платформасында «Музейлердің ғылыми-қор жұмысының өзекті мәселелері» атты республикалық онлайн оқыту семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты: музей коллекцияларын есепке алу және сақтау, экспонаттарды қалпына келтіру технологиясы, есепке алу және сақтау жұмыстары саласының заманауи әдістемелермен таныстыру бойынша музей қызметкерлерінің әлеуетін арттыру.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің бас қор сақтаушысы Бәтеш Рахметжанқызы Ақпасова, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің бас қор сақтаушысы Аширбекова Нұржамал Орынтайқызы, Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігінің бас қор сақтаушысы Бибігүл Қариқызы Омарова, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы Әлия Мұратқызы Оспанова, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы Бакитова Гүлзада Бақтыбайқызы, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Жалпы тарих, археология және этнография бөлімінің» аға ғылыми қызметкері Гүлден Қамақайқызы Изанова, сондай-ақ «Мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері, өлкетанушы Алма Сұңғатқызы Құнанбаева қатысып, қор жұмысының мәселелері мен оларды шешу жолдары бойынша тәжірибе алмасу мен сындарлы диалог өтті.

 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"