foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Қазақстандағы музей ісі дамуының жаңа тенденциялары мен перспективалары және археологиялық зерттеулері» ғылыми-практикалық конференциясы. Конференция жинағына сілтеме

ҚР МСМ Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК 2021 жылдың 7-8 қазанында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстандағы музей ісі дамуының жаңа тенденциялары мен перспективалары және археологиялық зерттеулері» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциясын өткізгенін естеріңізге саламыз. Конференцияға археология, тарих саласындағы ғалымдар, тарихи-мәдени мұраны қорғау мен насихаттау мамандары, музей-қорықтардың, тарихи-өлкетану музейлерінің директорлары, туризм саласындағы мамандар қатысты.

Конференция қатысушылары Қазақстанның Тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуы; Ұлы даланың жеті қыры: атқа міну мәдениетінің тарихи-мәдени феномені; Қазақстан Республикасының мәдени ескерткіштерінің ғылыми маңызы мен сақталуы;Қазақстанның тарихи -мәдени мұрасы; Тарихи-мәдени туризм және оның Қазақстандағы дамуы; Қазақстандағы археологияның теориясы мен практикасы мәселелерін талқылады.

Құрметті достар, назарларыңызға аталмыш конференцияның материалдарын ұсынамыз. Білім қорларыңызды толықтырып, тәжірибеде пайдалануға септігін тигіземіз деп үміттенеміз.

Конференция жинағын жүктеуге арналған сілтеме: СКАЧАТЬ

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"