Құрметті достар!
«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Ботай мәдениетінің бірегей археологиялық ескерткішін насихаттау мақсатында мектеп оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ботай – мыңжылдық жолымен» атты республикалық шығармалар байқауын өткізіп жатқанын естеріңізге саламыз.
Байқауға Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Петропавл, Көкшетау қалаларынан, сондай-ақ Қызылорда облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының аудандарынан (Ғ. Мүсірепов, Қызылжар, Мамлют, Уәлиханов, Айыртау аудандары) 83 шығарма келіп түсті. Қатысушылардың саны музей-қорықтың ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланды.
Жүлдегерлерді дұрыс таңдау мақсатында қазылар алқасының 2 мүшесін құру туралы шешім қабылданды. Бірінші кезеңде «Ботай» музей-қорығының қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы 83 жұмыстың ішінен 40 туындыны 2-ші кезеңге іріктеді. Келесі кезеңде оқушылардың жұмыстарын университет тарихшылары мен филологтары тексеріп, байқау жеңімпаздарын анықтайды (Бас жүлде, І, ІІ және ІІІ орындар).
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында ZOOM платформасында қатысушылар марапатталатынын хабарлаймыз. Уақыты туралы алдын ала хабарлаймыз.
Сәттілік тілейміз!