foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Оразғали Абылай Маратович — Айыртау ауданы Кирилловка орта мектебінің тарих мұғалімі

«Археологиялық қазба жұмыстары – 2022» пікірлер айдары
Ботай қонысы жылқыны қолға үйретудің ең алғашқы археологиялық дәлелі болып табылады. Яғни мұнда жылқы шаруашылығының болғандығын дәлелдейді. Жылқыны қолға үйретудің ең алғашқы көшпелі шаруашылық пен дала өркениетінің негізін қалады.
Маған археологиялық қазба жұмыстарына үлес қосуға мүмкіндік туды. Бұл қазба жұмыстары Ботай тұрағында өтті. Біз бұл тұрақта 19-шы маусымнан 29-шы маусымға дейін қазба жұмыстарын жүргіздік. Бұл тұрақтан жылқының сүйегі, найзаның ұштары, керамика сынықтары, қырғыш, пышақ және т.б. заттарды таптық.
Қазба жұмыстарынан бөлек Ботай мәдениетіне жататын жұмыс құралдарының көшірмелерін жасадық. Балшықтан керамика үлгісін жасап, оны отқа күйдіру тәсілін қолдандық. Қазба жұмыстарда табылған тас құралдарды тазалаумен айналыстық. Осыған дейін табылған тас құралдармен таныстық.
Осы он күн ішінде өте маңызды ақпараттармен таныс болдым. Құнды деректермен таныс болдым. Ботай мәдениетіне байланысты құрал-жабдықтарды практика жүзінде қолданып, тәжірибе жинақтадым.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"