2024 жылдың 10 мамыр күні «Ботай» музей-қорығының қызметкерлері Алматы қаласынан келген қонақтарға Ботай музей-қорығының экспозициялық залы бойынша экскурсия жүргізді. Қонақтар Солтүстік Қазақстан аумағында орналасқан ескерткіш – Ботай археологиялық мәдениетімен танысып, көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алды.