Аталмыш іс-шарада "Ботай"музей-қорығының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі бас инспекторы Искрижицкий Владимир Александрович, келген қонақтарға тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану мақсаттарымен, міндеттерін айқындап,оларды жас ұрпаққа насихаттауда музейлердің рөлі айрықша екенің айта кетті.
Көрмеге Ботай қонысында археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған сүйектен жасалған пышақ, гарпунь, трепанация іздері бар адамның бас сүйегі, ланцет, қыш ыдыстың сынықтары және т.б. бірегей жәдігерлер көрермен назарына ұсынылды.