8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біз "Мен анамды музейге шақырамын " акциясын ұйымдастырамыз.
Көптеген адамдар үшін ана — өмірдегі ең қымбат және жақын адам. Егер сіз көптен бері оған көңіл бөліп, қызықты да пайдалы уақыт өткізгіңіз келсе , сіз анаңызды музейге шақыра аласыз!
Сүйкімді ханымдар үшін "Ботай" музей - қорығына 6 наурызда кіру тегін болады!
Сіз біздің музейден анаңызға,әпкеңізге,әжеңізге, мұғаліміңізге тілектер жазылған шақыру қағаздарын ала аласыз.