2024 жылдың 5 қаңтар күні "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері балалардың қысқы демалыс кезінде бос уақыттарын қызықты, пайдалы әрі мазмұнды өткізу мақсатында "Айыртау ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" КММ-дегі Ботай кабинетінде «Ботай - эпоха энеолита» тақырыбында дәріс оқыды.
Аталмыш іс-шарада Ботай мәдениетінің ашылуы, тарихы және зерттеу жұмыстары жайында, тас дәуірі мен мыс дәуірі жайында ақпараттармен бөлісті. Шара соңында балаларға Ботай мәдениеті туралы сұрақтары бар парақшалар таратылды. Оқушылар сұрақтарға толық жауап беріп, өз ойларымен ортада бөлісті.
{gallery}2024/news/01/07-01{/gallery}