"Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Саумалкөл ауылының №1 орта мектебінің туризм және өлкетану бағытындағы “ «Жас өлкетанушы» үйірмесінің оқушыларына «Ботай- солтүстік далаларының қазыналары» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәрістен оқушылар энеолит дәуіріндегі Ботай мәдениетінің жәдігерлерімен танысып, Ботай қонысы туралы көптеген мағлұматтар алды. Дәріс соңында, оқушыларға сұрақтар қойылып, тақырып аясында көптеген ақпараттар берілді.