2023 жылдың 5 желтоқсан күні "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері Көкшетау қаласының Красный Яр ауылының 5-6 сынып оқушыларына «Ботай мәдениеті» атты көрме және дәріс ұйымдастырды.
Аталмыш іс-шарада оқушыларға Ботай мәдениетінің ашылуы, тарихы және зерттеу жұмыстары жайында ақпараттармен бөлісті. Сондай ақ оқушылар назарына ботайлықтардың ежелгі тұрғын үйлерінің реконструкциясы, жабайы жылқыны қолға үйрету жөнінде мәліметтер ұсынылды. Сондай-ақ ботайлықтардың күнделікті тұрмыста қолданылған ежелгі құралдар,қару-жарақтар көрсетілді.