Бүгін, 2023 жылдың 30 қараша күні «Бозоқ» ежелгі қаласының археологиялық қазба жұмыстарының 25 жылдығына арналған «Қазақ даласындағы үй құрылысы: дәстүрлер мен ерекшеліктер» атты онлайн форматтағы дөңгелек үстел барысында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері Макеев Марат Сайлауұлы «Ботай қонысындағы ашылған үйлер орындарын сақтау музейлендіру тәжірбиесі» тақырыбындағы баяндамамен қатысты. Баяндамада Ботай мәдениетінің зерттелу бағыттары, тұрғын үйлерді реконструкциялау кезінде алған тәжірбиесімен , қазба жұмыстарының қортындыларымен бөлісті.