2023 жылдың 29 қараша күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның қызметкерлері Айыртау аудандық қазынашылық басқармасының қызметкерлеріне Ботай музей-қорығының экспозициялық залы бойынша экскурсия ұйымдастырды.
Музей қызметкерлері қонақтарға өңір тарихы, Ботай мәдениетінің бірегей олжалары жайлы ақпарат берді.
Экскурсия соңында музей қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, өркендеу мен бірегей жәдігерлерді табуды тіледі.