foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Бүгін, 2023 жылдың 31 қазан күні "Ботай" музей-қорығының қызметкерлері «Ежелгі Тараз ескерткіштері музей-қорығы ұйымдастырған «Ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау мен республикалық деңгейде насихаттау» тақырыбында республикалық онлайн дәріске қатысты

Бүгін, 2023 жылдың 31 қазан күні "Ботай" музей-қорығының қызметкерлері «Ежелгі Тараз ескерткіштері музей-қорығы ұйымдастырған «Ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау мен республикалық деңгейде насихаттау» тақырыбында республикалық онлайн дәріске қатысты. Дәріс "Ежелгі Тараз ескерткіштері" музей-қорығының 25 жылдығына орайластырылған.


Дәрістің мақсаты: Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Тараз қаласының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, орны мен рөлі, Тараздың ежелгі және ортағасыр археологиясының зерттелу тарихын сараптау, талдау көзделген. Сонымен қатар дәріс барысында Жамбыл өңірінің республикалық маңызы бар мұралар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен аңыз әпсаналарына тоқтала өтіп, насихаттау болып табылады. Онлайн дәріс жұмысы келесі бағыттарды қамтиды:
• Шығыс үлгісінде салынған Қали Жүніс моншасы
• Тарихтан тамыр тартқан Тектұрмас
• Ғасырлық тарихы бар Әулие-ата мешіті
Онлайн дәріске музей-қорықтың ғылыми қызметкерлері, әдіскерлер, археологтар, тарихшылар қатыстырылды.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"