Солтүстік өңірдің ең көнесі әрі бірегейі республикалық маңызы бар «Ботай қонысы» археологиялық ескерткіші. Адамзат тарихында осыдан 6 мың жыл бұрын жылқыны алғаш қолға үйретіп, асауды ауыздықтап, ерттегендер — Қазақстан жеріндегі Ботай қонысын мекендеген тайпалар
Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде Ботай қоныстарына байланысты аталған. Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізген. Ауданы 20 гектардан астам жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылған