2023 жылдың 11 қазан күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК қызметкерлері "Қоғамдық даму және ақпарат орталығы" КММ СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қызметкерлері үшін музей-қорықтың экспозициялық залы бойынша экскурсия жүргізді.
Музей қонақтары Ботай мәдениетінің бірегей артефактілерімен танысып, Ботай қонысы жайлы ақпараттар алды. Экскурсия соңында музей қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, өркендеу мен бірегей жәдігерлерді табуды тіледі.