foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

2023 жылғы 5 қазанда сағат 11:00-де Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылының мәдениет үйінің ғимаратында «Ботай» музей-қорығы онлайн және офлайн форматтарда ""Қазақстандағы археологиялық зерттеулер: тарих, тенденциялар, проблемалар, перспективалар" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді

2023 жылғы 5 қазанда сағат 11:00-де Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылының  мәдениет үйінің ғимаратында «Ботай» музей-қорығы онлайн және офлайн форматтарда ""Қазақстандағы археологиялық зерттеулер: тарих, тенденциялар, проблемалар, перспективалар"  тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 5 жылдығына орайластырылды.

Конференция алғашқы бөлімі "Ботай.дала өркениетінің бастауында" тақырыбында көрмесімен ашылды, сонымен қатар «Берел» музей-қорығының  ерте темір дәуірінің жәдігерлерімен және Қостанай өлкетану музей-қорығы қола дәуірі жәдігерлерімен көпшелі көрмесін ұйымдастырды және көне Ботай мәдениетінің интерактивті элементі қыш ыдыстар жасау мен тас дискілерін жасау шеберлік сабақтар көрсетілді.

Бұл ауқымды іс шара пленарлық отырыспен жалғасты, пленарлық отырысқа онлайн форматта, ZOOM арқылы Химия ғылымдарының докторы, Грузия Ұлттық Ғылым академиясының мүшесі, ДНҚ шежіресі академиясының президенті- Анатолий Алексеевич Клёсов және Эксетер университетінің археология профессоры Алан Оутрам  мен Алекссандр Пройер өз баяндамаларымен қосылды  де Бозок ,Берел,  Отырар Түркістан қаласының «Ұлы Дала Елі» орталығынан, « Ежелгі Тараз ескерткіштері», «Сарайшық» музей-қорығының   қызметкерлері,  археологтар, отандық жоғары оқу орындарының ғалымдары, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану орталықтарының ғылыми қызметкерлері мен мамандары, білім саласының қызметкерлері,тарих және география пәнінің мұғалімдері  қатысты.

Конференцияның екінші бөлімінде екі секция жұмыс атқарды. Бірінші секция "Қазақстандық археологияны зерделеу және насихаттау" және "Тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау мен пайдалану маңыздылығы"  тақырыбы талқыланды. Екінші секция  «Жас ұрпақ тәрбиесіндегі музейдің рөлі» арнайы мұғалімдерге арналған тарих арқылы тарихи-мәдени ескерткіштерді, тарихи оқиғаларды насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты рухани - адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу тақырыбы талқыланды.

       Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда шетелдік және отандық археологиялық экспедициялардың ғылыми нәтижелерін алмасу, талқылау, ғылыми-зерттеу зертханаларының, институттардың, музей қызметі арқылы қазақстандық археология ғылымының дамуы талқыланады.

 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"