2023 жылдың 29 қыркүйек күні А.Мырзаахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне Ботай музей-қорығының экспозициялық залы мен Ботай қонысы бойынша экскурсия жүргізілді. Студенттер Солтүстік Қазақстан аумағында орналасқан ескерткіш – Ботай археологиялық мәдениетімен танысып, көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алды.
«Ботай» ескерткішін таныту келешек ұрпаққа туған жердің тарихына деген қызығушылығын арттырады деп сенеміз.