Бүгін, 2023 жылдың 25 қыркүйек күні "Ботай" музей-қорығының қызметкерлері Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылының №1 орта мектебінің 5 сынып оқушыларына экскурсия өткізді.
Экскурсия барысында «Ботай мәдениетінің археологиялық зерттеулері» инсталляциясы ұсынылды, онда оқушылар тарих әлеміне еніп, археологиялық қазба жұмыстарына қатыса алды.
Бұл инсталляция өскелең ұрпақтың тарихи-мәдени мұра мен археологиялық зерттеу барысына қызығушылығын тудырып, археологиялық ескерткіштерге құрмет пен патриоттық тәрбие береді деп сенеміз.