foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Ботай. Дала өркениетінің бастауында» жылжымалы көрмесі

2023 жылдың 4 қыркүйек күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Көкшетау қаласында «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде» "Ботай" музей-қорығының 5 жылдығын мерекелеу аясында «Ботай. Дала өркениетінің бастауында» жылжымалы көрмесінің ашылу салтанатын өткізді. Көрменің ашылуы Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сабитова Айгуль Баубековнаның құттықтау сөзімен басталды.

Көрмеге ботай мәдениеті жайлы сыр шертетін жалпы 97 жәдігер қойылды, соның ішінде тұрғын үйдің макеті, адамның трепанация іздері бар бас сүйегі, сүйектерден,тастардан жасалған ботай мәдениетінің қару жарақтары көрерменнің көзайымы болды және Ботай мәдениеті жайлы мәнді картиналар көрермендерге ұсынылды. Сонымен қатар көне Ботай мәдениетінің интерактивті элементі қыш ыдыс жасау шеберлік сабағының бір түрі көрсетілді.

Көрме 2 қазанға дейін жалғасады.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"