Құрметті достар!
ҚР МСМ Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК 2023 жылдың 4 қыркүйек күні Көкшетау қаласы «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде»
өтетін «Ботай. Дала өркениетінің бастауында» көшпелі көрмесінің ашылу салтанатына шақырады.
Көрменің мақсаты: «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 5 жылдық мерейтойымен байланысты Солтүстік аймақтың тарихи-мәдени мұрасын, ежелгі Ботай мәдениетінің қасиетті объектімен, баға жетпес артефактілермен таныстыру; Ботай мәдениетінің бірегей археологиялық ескерткішін танымал ету;
Құрметті қауым 2023 жылдың 4 қыркүйек пен 2 қазан күндері аралығында Көкшетау қаласы «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде
Ботай мәдениетінің құнды жәдігерлері музейге келуші қауымның назарына ұсынылатын болады..