ҚР МСМ Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК және «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының РМҚК өзара келісіміне сәйкес 2023 жылдың 10 шілде мен 22 тамыз күндері аралығында Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Ботай» музей-қорығының 5–жылдық мерейтойының аясында қасиетті объектімен, баға жетпес артефактілермен таныстыру; Ботай мәдениетінің бірегей археологиялық ескерткішін танымал ету; туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, оның тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарау мақсатында көшпелі көрмесін ұсынды.
Көрме киелі нысан - Ботай қонысымен танысуға мүмкіндік береді, оның бірегейлігі мен мәні-мағынасы әлемде бірінші болып жылқы қолға үйретілгендігіне, көшпенділердің алғашқы тұрғын үйлерінің салынғандығына негізделеді, сондай-ақ Сіздердің назарларыңызға Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген қазба жұмыстарында табылған баға жетпес жәдігерлер ұсынылады. Көрмеге энеолит дәуіріне тиесілі 146-дан астам құнды жәдігерлер қойылды.
Көрме көпшіліктің көңілінен шықты және 4782 адам онымен танысты.