foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Экскурсия

2023 жылдың 30 маусым күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның қызметкерлері Голландия мемлекетінен келген қонақтар үшін Ботай қонысы бойынша экскурсия жүргізіп, қонақтарға өңір тарихы, Ботай мәдениетінің бірегей олжалары жайлы, сонымен қатар археологиялық қазба жұмыстарының барысы туралы айтылды.

Шетелден келген қонақтарға қазақ киіз үйіне ұқсайтын Ботай мәдениетінің тұрғын үйлері үлкен қызығушылық тудырды.
Экскурсия соңында музей қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, өркендеу мен бірегей жәдігерлерді табуды тіледі.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"