foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

2023 жылғы 29 мамыр- 9 маусым аралығында Көкшетау қаласының Ш.Уалиханов атындағы университетінің "География-тарих" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын «Тарих және дінтану» және «Ғылыми тарих» факультетінің 1 курс студенттері үшін « Ботай» қонысында оқу археологиялық практикасы өткізілді

2023 жылғы 29 мамыр- 9 маусым  аралығында Көкшетау қаласының Ш.Уалиханов атындағы университетінің "География-тарих" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын  «Тарих және дінтану» және «Ғылыми тарих» факультетінің 1 курс студенттері үшін « Ботай» қонысында оқу археологиялық практикасы өткізілді. Археологиялық практикаға  студенттер белсене қатысты. Археологиялық тәжірибеде тарихи дереккөздің ерекше түрі болып табылатын археологиялық ескерткіштермен, қазба жұмыстарының жалпы ережелерімен, дәстүрлі және заманауи археологиялық қазба жұмыстары әдістерімен студенттер танысты.

Бірінші күні, студенттердің келуі мен орналасуынан кейін «Ботай» музей-қорығының ғылыми қызметкерлері Ботай мәдениеті, Ботай қонысының тарихы бойынша кіріспе дәріс өткізіп, археологиялық базада күн тәртібі, жүріс-тұрыс ережелері, археологиялық қазбадағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізілді.
Қазба жұмысына қатысушылар мәдени қабаттарды зерттеп, алғашқы табылған заттар-керамика, тас құралдары, остеологиялық материалдар болды. Ботай мәдениетінің археологиялық ескерткіштерін зерттеу барысында табылған көне жәдігерлерді өз көздерімен көріп, тікелей қолмен ұстау мүмкіндік алады.

Ал, оқу археологиялық практиканың соңғы күні археологтардың дәстүрлеріне сәйкес жаңадан келген жұмысшылармен қоштасарда археологтардың қатарына қосу рәсімі орындалды. Рәсім барысында екі топқа бөлініп, түрлі кедергілерден өтетін қызықты ойындар өткізіліп, ант қабылдау мәтіндері оқылды.
Соңында барлық оқушыларға алғыс хаттар мен сый-сыяпаттар табысталды

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"