foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Студенттердің археологтар қатарына қосылу рәсімі

2023 жылғы 7 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында Ботай қонысында "Ботай мәдениеті-ұлт шежіресі" тақырыбында далалық семинар ұйымдастырылды.

Семинардың ресми бөлімі аяқталғаннан кейін студенттердің археологтар қатарына қосылу рәсімі үйымдастырылды.

Осы екі апта бойы қазба жұмыстарында өздерінің жай ғана жұмыскер ретінде ғана емес, нағыз болашақ археологтар ретінде де өздерінің туған жерінің тарихына деген қызығушылықтарын танытты. Осы уақыт ішінде қазба жұмыстарының толықтай методикалық жұмыстарымен танысып, археологиялық құралдармен қалай жұмыс жасау керектігін толықтай үйренді.
Археологтардың дәстүрлеріне сәйкес жаңадан келген жұмысшылармен қоштасарда археологтардың қатарына қосу рәсімі орындалды. Рәсім барысында екі топқа бөлініп, түрлі кедергілерден өтетін қызықты ойындар өткізіліп, ант қабылдау мәтіндері оқылды.
Соңында барлық оқушыларға алғыс хаттар мен сый-сыяпаттар табысталды.

 

 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"