foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Ботай мәдениеті-ұлт шежіресі

2023 жылғы 7 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында Ботай қонысында "Ботай мәдениеті-ұлт шежіресі"тақырыбында далалық семинар ұйымдастырылды. Іс-шара "Ботай"музейй-қорығының 5 жылдығына орайластырылған. Семинарға облыстың жас өлкетанушылары, ЖОО оқытушылары, студенттер мен музейдің ғылыми қызметкерлері қатысты. Іс-шара аясында облыстық жас өлкетанушылар слетіне қатысушылар үшін Ботай қонысы бойынша экскурсия өткізілді. "Ботай мәдениеті-ұлт шежіресі" көрмесі, ежелгі еңбек құралдарын, тұрмыстық заттарды жасау бойынша шеберлік сабақтары көрсетілді.

Семинарға қатысушыларға ҚР МСМ "Ботай Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК директоры Қ.Ғ. Шақшақов құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар археологиялық  практикаға қатысып жүрген студенттер  археологиялық қазба жұмыстары кезінде  алынған тәжірибелерімен,  археологтардың күнделікті өмірі туралы өз әсерлерімен бөлісіп, қазба жұмыстары және табылған заттар туралы айтып берді.

Семинардың ресми бөлімі аяқталғаннан кейін студенттердің археологтар қатарына қосылу рәсімі өтті. Осылайша, қатысушылардың пікірінше, далалық семинар жас ұрпақтың "білім қоржынына" елеулі үлесің қосты, археологиялық әдістерді  өз көзімен көруге, пайдалы, танымдық дағдыларды игеруге, ой-өрісі мен эрудициясын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"