foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Ұлы Жеңіс күні ел жадында мәңгі сақталады!»

2023 жылдың 3 мамыр  күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы»  «Антоновка» орта мектебі" КММ-нің оқушылары үшін Ұлы Жеңіс күні қарсаңында  «Ұлы Жеңіс күні ел жадында мәңгі сақталады!» тақырыбында тарихи-танымдық дәріс және Ботай мәдениетінің бірегей жәдігерлерімен көрме ұйымдастырды.

Дәріс барысында Ботай қонысының табылуына себепші болған, көне жылқының сүйектерін, табылған жәдігерлерді профессор В.Ф.Зайбертке бірінші болып көрсеткен Еслямбек Зәкіряұлының тылдағы еңбектері жайлы айтылып өтті.

Іс-шараның мақсаты: "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды"қағидасын ұстана отырып, жас ұрпақты біздің тарихымызды терең тануға баулу. Оқушыларды Отан тарихына деген сүйіспеншілікке, жеңіс салтанатын көрмеген батырлардың істеріне табынуды, өз халқының тарихына құрмет көрсетуді, бүкіл әлем бойынша басқа ұлт өкілдеріне достықты нығайтуды тәрбиелеу.

Ұлы Отан соғысының еліміз тарихында алар орнына, қазақстандықтардың майдандағы және тылдағы еңбектері жайлы, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен жауынгерлердің ерлігін өскелең ұрпаққа  насихатталды. Батырлардың ұрпағы балалар батыр бабаларының ерлігін ешқашан ұмытпайды.

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"