foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Далалық семинар

2023 жылдың 28 сәуір күні Халықаралық тарихи орындар мен және ескерткіштерді қорғау  күніне (18 сәуір) орайластырылған Ботай қонысында далалық семинар өткізілді.

Далалық семинардың мақсаты-Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын сақтау саласында тәжірибе алмасу, Ботай мәдениетін насихаттау, археология, тарих саласында жаңа идеяларды әзірлеу. Қазақстан Республикасының музей-қорықтарын, облыстық инспекцияларды, тарихи-мәдени мұраны қорғау орталықтарын дамытудың практикалық, қолданбалы мәселелері бойынша бірлескен талқылау, дискурс болды.

Семинар Ботай қонысындағы  2022 жылдың қыркүйегінде  ғылыми бағытта қалпына келтірілген ежелгі ботай тұрғын үйінде өтті.   Бұл тұрғын үйлердің ерекшелігі 2022 жылы далалық археологиялық қазба жұмыстарының орнында жүргізілгені. Тұрғын үйлер терең жабылған өткел арқылы жалғасуы.

Тұрғын үй құрылысы – ғылыми негізде Қазақстан Республикасында қазба жұмыстарының тікелей тарихи орнында бірегей тәжірибе ретінде. Негізгі идея-тұрғын үйлерді құру кезінде қайта құру ғана емес, ғылыми бағыт қарастырылған. Ғылыми негізде тұрғын үй салу дамудың өзіндік триггері ретінде, Ботай қонысын мұражайландыру және кейіннен ЮНЕСКО тізіміне ұсыну үшін маңызды қадам болып табылады.

Далалық семинар бағдарламасында: Ботай мәдениеті туралы көрме және интерактивті іс - шара- археология ескерткішіне күзет-құтқару жұмыстары мақсатында, семинар қатысушылары ағаш отырғызды. Сондай-ақ тарихи-мәдени мұра саласындағы қызметкерлердің, мамандардың тарихи-мәдени мұра саласындағы қорғау іс-шаралары,қайта құру ескерткіштерді қайта құру және зерттеу тәсілі ретінде, Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштері-ғылыми-тарихи тұрғыдан ерекшеліктер, сақтау және танымал ету әдістемелерінің ортақтығы мен бірегейлігі тақырыптарында баяндамалар оқылды.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"