foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

"В.Ф.Зайберт-зерттеу, ғылым, қоғамдық қызмет"

2023  жылғы 20 сәуірде сағат 15.00 - де  «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы  ZOOM электрондық платформасында онлайн-форматта  ғалым, Ботай мәдениетін зерттеуші, археология профессоры Зайберт Виктор Федоровичті еске алуға арналған "В.Ф.Зайберт-зерттеу, ғылым, қоғамдық қызмет" тақырыбында  дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Виктор Федорович Зайберт өзінің бар саналы ғұмырын Ұлы даланың тарихын – археология ғылымы арқылы зерттеуге арнады. Осы жолда ол Қазақстан археологиясындағы ірі жаңалықтарды ашудың бақыты мен абыройына да ие болды, мерейін көрді. Ол Қазақстан археологиясында үстүртін зерттеліп келген Солтүстік өлке археологиясын тынбай қырық жылдай зерттеп, Атбасар мәдениеті, Ботай мәдениеті турасындағы зерттеулері арқылы әлемдік археологияға ғылымына танылды.

Дөңгелек үстел бағдарламасында қатысушылар Виктор Федорович туралы естеліктермен бөлісіп, оның ғалым, профессор, оқытушы, қоғам қайраткері ретіндегі Қазақстан ғылымындағы рөлі мен маңызы туралы айтылды.                 В. Ф.Зайбертті еске алуға арналған жаңа жобаларды белгіленіп, олардың аяқталмаған идеялары, бастамалары туралы айтылды. Сондай-ақ, ғылыми ортадағы әріптестері  жеке жобадағы, мәдени-тарихи акциядағы жалпы күш-жігерді үйлестіру жөніндегі жеке ұсыныстарын, ниеттерін немесе кейінгі жылдары ол туралы жадыны сақтау үшін іс-шараның басқа да нысандары жөнінде өз ұсыныстарын ортаға салды.

 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"