foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Айыртаудың тарихи - мәдени мұрасы-туризмді дамытудың жаңа жолдары контекстінде"

Бүгін, 2023 жылғы 19 сәуірде  Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылының Ақан сері атындағы мәдениет үйінің ғимаратында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 18 сәуір - Халықаралық ескерткіштерді  қорғау күніне  арналған  «Айыртаудың тарихи - мәдени мұрасы-туризмді дамытудың жаңа жолдары контекстінде" дөңгелек үстелді өткізді.

Аталмыш іс-шараның мақсаты   - халықтың, жұртшылықтың, ғалымдардың, мемлекеттік органдар өкілдерінің назарын тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мәселесіне аудару.

Дөңгелек үстелдің алғашқы бөлімі «Ботай" музей-қорығының жылжымалы жәдігерлер көрмесіне экскурсиямен басталды, сондай-ақ  көрмеге АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ӨМІРДЕ ҚИЫН ЖАҒДАЙҒА ДУШАР БОЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫның және  ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ оқушылары жасаған  қолданбалы өнер көрмелерімен  және  Ботай музей-қорығының суретші-реставраторы Ю. Б. Тихоновтың Ботай мәдениеті тақырыбына арналған шығармашылық жұмыстары ұсынылды.

Іс-шараның екінші бөлімі мәдениет үйінің мәжіліс залында жалғасты. Дөңгелек үстел Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Ж.М. Жүсіповтың сөз сөйлеуінен басталды. Сондай-ақ, СҚО Айыртау ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы А. Г. Махметов, "Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" Шалқар филиалының директоры Д. Т. Орумбаев баяндама жасады. Баяндамаларда туризмді дамыту, Солтүстік өңірдің тарихи-мәдени мұрасын дәріптеу бойынша идеялар айтылды.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел жұмысына Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи - этнографиялық музейінің маманы Д. Н. Төлеуов және "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының аға ғылыми қызметкері К. К. Әбілмәліков белсенді қатысып, баяндама жасады.

Іс-шара соңында   өлкенің бірегей археологиялық ескерткіштерін қорғап,дәріптеуде және жастар арасында тарихи-нысандарды насихаттауда өз үлестерін қосқан дөңгелек үстел қатысушыларын марапаттаумен аяқталды.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"