foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Көне тарихтың куәсі болған - Ботай қонысы»

Бүгін, 2023 жылдың 14 сәуір күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» Көкшетау қаласының «Арна» колледжінің студенттері үшін «Көне тарихтың куәсі болған -Ботай қонысы»  тақырыбында тарихи-танымдық дәріс және көрме ұйымдастырды.

Дәріс мақсаты; студенттердің Ботай мәдениетінің тарихымен терең таныстыру, Ботай мәдениетін насихаттау, жасөспірімдерді өлкенің тарихымен таныстыру, еліне деген құрметін арттыру, отансүйгіштікке баулу.

Сонымен қатар оқушылар ботай қонысынан табылған құнды жәдігерлерді тамашалады. Көрмеге Ботай қонысынан  табылған энеолит дәуіріне жататын археологиялық жәдігерлері қойылды. Оқушылар іс-шараға ерекше қызығушылықпен қатысып, сұрақтар қойды.

Осындай сабақтар арқылы оқушылар көптеген қосымша мәліметтер жинап, өткен тарихымызға бетбұрыс жасап, білімдерін тереңдете түсуде.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"