foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Құрметті достар!

«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы  «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 5- жылдығына арналған «Өркениеттің көне мекені-Ботай қонысы»  тақырыбында республикалық шығармалар байқауын өткізіп жатқанын естеріңізге саламыз.

Байқауға Астана, Семей,Алматы, Түркістан, Шардара,Қызылорда,Шу, Көкшетау,Петропавловск қалаларынан, сондай-ақ Абай облысы мен Карағанды және Шығыс Қазақстан,Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысының аудандарынан  93 шығарма келіп түсті. Қатысушылардың саны музей-қорықтың ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланды.

Жүлдегерлерді дұрыс таңдау мақсатында қазылар алқасының  мүшесін құру туралы шешім қабылданды. Әділқазылар мүшесінің төрайымы ардақты ұстаз,филология ғылымының маманы Сейітқасымова Зүбәйраш
Тұрсынбайқызы, комиссия мүшелері  «Ботай» музей-қорығының қызметкерлері Абильмаликов Қуаныш Қабдолұлы, Макеев Марат Сайлауұлы,Мукушева Жадыра Омышқызы, Шаимова Айгерім Жеңісқызы оқушылардың жұмыстарын тексеріп, байқау жеңімпаздарын анықтайды. (Бас жүлде, І, ІІ және ІІІ орындар).


Сәттілік тілейміз!

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"