foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Марғұлан оқулары – 2023»

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты 2023 жылдың 30–31 наурыз күндері Алматы қаласында кезекті «Марғұлан оқулары – 2023» халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференциясын ұйымдастыруда.

Конференция форматы 2022 жылы да, алдыңғы жылдары да жүргізілген далалық археологиялық зерттеулердің қорытындылары бойынша хабарламаларды тыңдауды және талқылауды, олардың материалдарымен ғылыми жұртшылықты таныстыруға көзделді. Сонымен қатар, археология ескерткіштерін зерттеудің жаңа әдістерін қолдану, пәнаралық зерттеулер, оларды қорғау және ғылыми және мәдени өмірдің әртүрлі салаларында қолдану мәселелерін қозғайтын баяндамалар қызығушылық тудырды.
Аталмыш іс-шараға ҚР МСМ МК «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК директоры Қуаныш Ғибадатұлы Шақшақов  және «Ботай» музей-қорығының  аға ғылыми қызметкері Қуаныш Қабдолұлы Абильмаликов,

 кіші ғылыми қызметкер Марат Сайлауұлы Макеев «Археологические реконструкционные исследования на поселении Ботай в  2022 году «Роль музея-заповедника «Ботай» в сохранении, использовании и популяризации историко-культурного наследия страны»  тақырыбында баяндама оқыды.
Іс-шара барысында баяндамашылар мен тыңдармандар арасында диалог ұйымдастырылып, бір-бірлерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"