foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Ботай. Біздің дәуірімізге дейінгі IV мыңжылдық"

2023 жылдың 28 наурыз күні "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Көкшетау қаласының мектеп оқушыларына энеолит дәуірінің бірегей археологиялық ескерткішін насихаттау мақсатында " «Ботай. Біздің дәуірімізге дейінгі IV мыңжылдық" тақырыбында дәріс өткізді.

Оқушыларға Ботай мәдениеті және де ботай мәдениетінің бірегей артефактілері туралы толық ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар оқушылар  назарына ботайлықтардың  жабайы жылқыны қолға үйрету жөнінде мәліметтер,ботайлықтардың күнделікті тұрмыста   қолданылған ежелгі құралдар,қару-жарақтары көрсетіліп, оларды қалай жасайтыны,қолдану жолдары бойынша шеберлік сабақтары көрсетілді.

 Сондай-ақ, көне Ботай мәдениетінің интерактивті элементі қыш ыдыс жасау шеберлік сабағының бір түрі көрсетілді.

Оқушылар Ботай мәдениетінің әлеміне үніліп, қызықтырған сұрақтарын қойып, толықтай жауап алды.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"