foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні»

Бұл күні әр үйдің дастарханында ұлттық тағамдар самсап тұрады. Қазақ ас мәзіріндегі көптеген тағам түрлері әзірленеді.

ЕТ ТУРАУ — ЕР ЖІГІТТІ СЫНАУДЫҢ БІР ӨЛШЕМІ дегендей, бүгін «Ботай» музей-қорығының ұжымы сіздерге ет турау әдісі көрсетеді. Жалпы, ет беру ұлттық салт-сананың көрінісі ғана емес, елдің дастархан берекесінің дәм ұсыну, беру, мәдениетінің үлкен белгісі. Халқымыз аса құрметті, ардақты, ел сыйлайтын қонағына тай немесе құлын сояды. Егер олардың саны көп болса, ірі жылқы, оның ішінде кемінде сере қазы шығатын қысыр бие сояды. Сөйтіп қонақтарға табақ-табақ ет тартылады. Табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Аталған табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы-қарта, жал-жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Міне, осылай әр табақтың көлеміне және оның адамдарына сәйкес кәделі мүшелері тартылып, бәріне де сыйлы, шұрайлы еттер мен мүшелі сүйектер салынады.

 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"