foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

16 наурыз — «Шежіре күні»

ТЕГІН БІЛГЕН ҰРПАҚ ЖАҢЫЛМАЙДЫ

Бұл күні ел-жұрттың жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылмақ. Үлкендер жас ұрпаққа бата беріп, елдің, өлкенің тарихын, ерлігін баяндайды.

Жеті ата қазақ халқының дәстүрлі салт санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақты жүйесі. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектілік, тәрбие тәлімі өте зор.

 

Бүгін, «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымына     әріптестеріміз Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейінің шаңырағында  қазақ ұлтына тән салт-дәстүрлердің ішінде кө­не­ден келе жатқан жоралғылардың бірі-  сары май салынған қарын ашу рәсімі көрсетілді.

 Қазақ дастарханынан өмірі үзілмей келе жатқан қасиетті де қастерлі тағам - кәдімгі сары май. Оның тағамдық құнары жоғары. «Майсыз — қазақ үйінің сәні де, мәні де татымсыз көрінеді» - дейді ақсақалдар.  Бұл рәсім  Шаңырағымыздың берекесінің, тоқшылығының белгісі ретінде орындалды.

 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"