foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Ботай мұрасы-ұрпаққа аманат» "Ботай" музей-қорығының 5 жылдығы аясындағы көшпелі көрме бойынша ақпарат

ҚР МСМ Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК және «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының РМҚК өзара келісіміне сәйкес 2023 жылдың 24 ақпан мен 9 наурыз күндері аралығында Атырау облысы Махамбет ауданының тарихи-өлкетану музейінде энеолит кезеңінің бірегей археологиялық ескерткішін танымал ету мақсатында және "Ботай" және "Сарайшық" музей-қорықтарының 5 жылдығына арналған  «Ботай мұрасы-ұрпаққа аманат»  көшпелі көрмесін ұсынды.

Ботай мәдениеті — В.Ф. Зайберт солтүстік Қазақстанның энеолит дәуіріндегі ескерткіштерін зерттеу материалдары негізінде бөліп атаған археологиялық мәдениет. Ботай мәдениетінің бірегейлігі мен мәні-мағынасы әлемде бірінші болып жылқы қолға үйретілгендігіне, көшпенділердің алғашқы тұрғын үйлерінің салынғандығына негізделеді. Аталмыш ғылыми ашу айрықша сәулет стилін қалдырып кеткен бағзы бабалардың тарихи тәжірибесін айқындайды. 2017 жылы Ботай археологиялық қонысы Қазақстанның қасиетті нысандарының жалпыұлттық тізіміне енгізілді. 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында аталмыш көрмені ұсынған «Ботай» республикалық тарихи-мәдени музей-қорығының ашылуы болып өтті.

Махамбет ауданының тұрғындары мен қонақтары Ботай қонысында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған киелі нысан мен баға жетпес жәдігерлермен танысудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.

Көрме көпшіліктің көңілінен шықты және 600-ден астам адам онымен танысты.

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"