foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Өркениеттің көне мекені-Ботай қонысы» тақырыбында Республикалық эссе байқауы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің   «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК «Ботай» тарихи-мәдени музей-қорығының»  5-жылдығына орай   «Өркениеттің көне мекені-Ботай қонысы» тақырыбында Республикалық эссе байқауын ұйымдастырады.

Мақсаты:

  • Ұлттық құндылығымызды ұлықтап, өскелең ұрпақ бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.
  • Ботай мәдениетінің тарихымен жақын танысуға үлес қосу, бірегей археологиялық ескерткіштерді насихаттау.
  • Туған өлкенің тарихи-мәдени нысандарын насихаттауда жастардың белсенді азаматтық ұстанымы мен тұлғалық белсенділігін қалыптастыру. Өңір тарихына деген қызығушылығын арттыру.
  • Сондай-ақ, талапты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, жетістіктерін анықтап, марапаттауға бағытталады.

БАЙҚАУ ТАЛАПТАРЫ:

  • Шығарма мазмұнының тереңдігі мен тақырыпты толық аша білуі.
  • Шығармадағы тарихи мәліметтерді қолдану мен дереккөздерді пайдалану деңгейі.
  • Сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
  • Байқауға ұсынылатын шығармалар оқушының таңдауымен қазақ, орыс тілдерінде қабылданады.

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:       

  • Байқау қашықтық форматында өтетін болғандықтан, жазылған шығармашылық жұмыстарды және өтінімді (төмендегі көрсетілген сұраныс кестені толтырып), Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. почтасына жіберуі тиіс.
  • А4 форматында, компьютерде терілген, көлемі 4 беттен аспайтын болуы шарт.

Кегл түрі-Times New Roman, өлшемі-14, жазба жол аралығы-1,5, барлық жағынан 2см. қалдыру керек. 

  • Байқауға ұсынылатын шығармалармен қатар қатысушы туралы мәлімет және 10 5 фотосурет ұсынылуы керек.

Жұмыстарды қабылдау уақыты: 01.03.2023 - 01.04.2023 ж.

Жұмыс нәтижесі шығатын уақыты: 15.04.2023 ж.

Байқаудың қатысушылары: білім беру орындарының 5-11 сынып оқушылары.

Электрондық пошта: rgkp.Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Байланыс телефоны: 8(71533) 21-8-80 

                                        8 775-732-84-54 Айгерім

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"