foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

2023 жылдың 24 ақпан күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК мен "Сарайшық » мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының РМҚК өзара келісіміне сәйкес "Ботай" және "Сарайшық " музей-қорықтарының 5 жыл толуына арналған Махамбет ауданында «Ботай» музей-қорығының «Ботай мұрасы-ұрпаққа аманат» атты республикалық

2023 жылдың 24 ақпан күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК мен "Сарайшық » мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының РМҚК өзара келісіміне сәйкес "Ботай" және "Сарайшық " музей-қорықтарының 5 жыл толуына арналған Махамбет ауданында «Ботай» музей-қорығының «Ботай мұрасы-ұрпаққа аманат» атты республикалық көшпелі көрменің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шарада Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Г. Бекбаева алғы сөз сөйлеп, Махамбет ауданы әкімі Қ. Нұрлыбаевтың алғыс хатын "Ботай" музей-қорығына табыстады.

Көрмеден жылқы сүйектері, жылқы сүйектерінен жасалған тұрмыста қолданылған құралдар, соның ішінде пышақ, найза-сүңгі, ине, сондай ақ тастан жасалған бұрғы, балта, дисктер,балға және қыш ыдыстың фрагменттері, Ботай әйел адамының киім үлгісі орналасты.

Сондай-ақ көне Ботай мәдениетінің интерактивті элементі қыш ыдыс жасау шеберлік сабағының бір түрі көрсетілді.

Ботай мәдениеті көрмеге келушілердің қызығушылығын тудырды.

Көрме 6 наурызға дейін жалғасады.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"