ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК мен «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының РМҚК өзара келісіміне сәйкес 2023 жылы 24 ақпанда Атырау облысы Махамбет ауданында «Ботай» музей-қорығының «Ботай мұрасы-ұрпаққа аманат» атты республикалық көшпелі көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрменің мақсаты: «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы және «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 5 жылдық мерейтойымен байланысты тәжірибе алмасу және Ботай музей-қорығының мәдени мұра тарихын дамыту мақсатында қасиетті объектімен, баға жетпес артефактілермен таныстыру; Ботай мәдениетінің бірегей археологиялық ескерткішін танымал ету; туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, оның тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарау.
Көрме 24 ақпаннан 6 наурызға дейін жалғасады.