foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Ботай мұрасы-ұрпаққа аманат» көшпелі көрмесі

Құрметті Атырау облысы, Махамбет ауданының және Атырау қаласының
тұрғындары мен қонақтары!

ҚР МСМ Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-
қорығы» РМҚК 2023 жылғы 24 ақпан күні сағ. 9.00-де «Атырау облысы
Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Махамбет
тарихи-өлкетану музейі» КМҚК өтетін «Ботай мұрасы-ұрпаққа аманат»
көшпелі көрмесінің ашылу салтанатына шақырады.

Көрменің мақсаты: «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы және
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 5 жылдық
мерейтойымен байланысты тәжірибе алмасу және Ботай музей-қорығының
мәдени мұра тарихын дамыту мақсатында қасиетті объектімен, баға жетпес
артефактілермен таныстыру; Ботай мәдениетінің бірегей археологиялық
ескерткішін танымал ету; туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу,
оның тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарау.

Атырау қаласының тұрғындары мен облыстың қонақтары 2023 жылғы 24 ақпан
мен 6 наурыз күндері аралығында Атырау облысы, Махамбет ауданы,
Махамбет а., Абай, 28 үй мекенжайында Ботай мәдениетінің құнды
артефактілерімен таныса алады.

Біз сіздерді асыға күтеміз!

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"