foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

"Ботай мәдениеті. Қазақстанда жылқының доместикациясы"

2023 жылдың 17 ақпан күні "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің "тарих және дінтану", "география және тарих", "ғылыми тарих" білім беру бағдарламаларының 1-ші курс студенттеріне  "Ботай мәдениеті. Қазақстанда жылқының доместикациясы" атты көрме және дәріс  ұйымдастырды.

Студенттердің назарына  ботайлықтардың ежелгі тұрғын үйлерінің реконструкциясы, жабайы жылқыны қолға үйрету жөнінде мәліметтер ұсынылды. Сондай-ақ ботайлықтардың күнделікті тұрмыста қолданылған ежелгі құралдар,қару-жарақтар көрсетілді.

Студенттерге ежелгі ботай әйел адамының киім үлгісін және олардың қолданған заттарын,тұрған үйлері үлкен  қызығушылық тудырды.

Студенттер ежелгі энеолит дәуіріндегі ботай мәдениеті жайлы мәліметтерді мұқият тындап, болашақ археологиялық практиканың қазба жұмыстарына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"