foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Бес жыл бірге» акциясы

Ботай» музей-қорығының 5-жылдығына орайластырылған «Бес жыл бірге» акциясы аясында 2023 жылдың 3 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл №1орта мектебінің 4 «В» сынып оқушылары "Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-на келді.

Оқушылар үшін экспозициялық зал бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар өз өлкесінің тарихымен тереңірек танысып,өз ой-пікірлерімен бөлісіп,сұрақтар қойды және археологиялық жұмыстардың қыр-сырын біліп, музей қорындағы Ботай мәдениетінің жәдігерлері туралы,олардың жасалу және пайдалану мақсаты жайлы  толық ақпарат алды.
Балалар үшін Ботай музей-қорығының экспозициялық залы бойынша өте қызықты және танымды экскурсия болды.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"