«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Ботай» музей-қорығының 5-жылдығына орайластырылған «Бес жыл бірге» акциясы аясында
ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының 5 «А» және 5 «В» сынып оқушылары «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-на келді.
Оқушылар ежелгі энеолит дәуірінде өмір сүрген ботайлықтар,ботай мәдениеті жайлы экскурсияны үлкен қызығушылықпен тыңдап, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған бірегей жәдігерлер туралы көптеген ақпараттар алды. Балалар үшін Ботай музей-қорығының экспозициялық залы бойынша өте қызықты және танымды экскурсия болды.
Экскурсия барысында «Ботай мәдениетінің археологиялық зерттеулері» инсталляциясы ұсынылды, онда оқушылар тарих әлеміне еніп, өздерін археолог ретінде сезініп, археологиялық қазба жұмыстарына қатыса алды.