foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

2023 жылдың 20 қаңтарында Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасының Премьер - министрнiн орынбасары А.С. Көлгіновтың қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті. Отырыс "Қазмедиа орталығында" өтті

2023 жылдың 20 қаңтарында Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасының Премьер - министрнiн орынбасары А.С. Көлгіновтың қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті. Отырыс "Қазмедиа орталығында"өтті. Отырысқа «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Қ.Ғ. Шақшақов қатысты.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Раздықұлы Оралов алқа қатысушыларын мәдениет саласын дамытудың негізгі мақсаттары мен стратегияларын, сондай-ақ 2023 жылдарға арналған жоспарларды белгіледі, ал 2022 жылдың қортындылары  туралы есепті Вице-министр Н. М. Дәуешев жасады.  Отырыста әрбір саланың маңыздылығы мен дамуы мәселелері қозғалды, сонын ішінде  мәдениет саласына қатысты көптеген мәселелер әртүрлі спектрлермен қарастырылды және де мәдениет саласында кадрлар даярлау және жағдай жасау мәселесін көтерді.

 Сонымен қатар  қазақ әдебиеті дамуы жөніндегі мәселелер,отандық кино саласы, архив саласының және театр саласының өзекті мәселелері жөнінде сөз қозғалды.  Қазақстан Республикасының Премьер - министрнiн орынбасары бірінші бөлімнің сонында өз баяндамасында мәдениет саласының дамуына жаңа идеялармен тәсілдерді және де жастарды тарту керек екендігі туралы айтып кетті.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"