Бүгін, 2023 жылдың 19 қаңтар күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Ботай мәдениетінің бірегей археологиялық ескерткішін насихаттау; өз Отанына деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында Айыртау ауданының Мәдениет орта мектебінің оқушылары үшін «Тұлпардың тұяғымен танылған Ботай мәдениеті» тақырыбында зияткерлік-танымдык музей сабағын өткізді.
Сабақ барысында Оқушылар назарына археологиялық қазба жұмыстары кезінде Ботай және Красный Яр қоныстарынан табылған жәдігерлердің көрмесі ұсынылды және көне Ботай мәдениетінің интерактивті элементі қыш ыдыс жасау шеберлік сабағының бір түрі көрсетілді. Оқушылар Ботай мәдениетінің тарихымен, археология ғылымымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.