2023 жылдың 16 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл №1орта мектебінің 1 «В» сынып оқушылары "Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-на келді.
Оқушылар үшін экспозициялық зал бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар өз өлкесінің тарихымен тереңірек танысып, археологиялық жұмыстардың қыр-сырын біліп, өздерін археолог ретінде сезіне алды. Сондай-ақ музейдің суретші-реставраторы оқушыларға қыш ыдыстарды жасау бойынша шеберлік класын көрсетті. Оқушылар бұл шараға белсене қатысып, қызықты сұрақтарын қойды.