2023 жылдың 13 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл №1орта мектебінің оқушылары ҚР МСМ МК «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-на келді.
Музей қонақтары үшін экспозициялық зал бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар өз өлкесінің тарихымен тереңірек танысып, өздерін археолог ретінде сезіне алды, археологиялық жұмыстардың қыр-сырын білді. Экскурсия өте қызықты және танымды өтті.